«Біз біргеміз» атты балалар мен ата-аналар клубы өз жұмысын жалғастыруда. №5,11 ортаңғы топтарының ата-аналарымен «Ата-ана махаббатының жолы» тақырыбына жиналыс өткізілді. «Менің галактикам» жаттығуы арқылы, басты кейіпкерлер балалар, туыстары мен жақындары, сүйікті адамдары болып табылатын, өз әлемін құрды. Осы іс-шара барысында ата-аналар балалық шақ атмосферасына еніп, өздерін балалар сияқты сезінді. Ата-аналық махаббат жолымен жүру тоқтамайды, балаларыңызбен бір-біріңізге сүйіспеншілік, үміт сыйлап, қамқорлық көрсетіп жүріңіздер.Бүгін 2024 жылғы 25 қаңтарда «Суды үнемдеу» тақырыбындағы байқауға қатысып отырған тәрбиеленушілерімізге Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің Алғыс хаттары табыс етілді. Құттықтаймыз