Бүгін «Ботақан» тобында, дамытушы пәндік - кеңістіктік ортаны қолдана отырып, ұйымдастырылған іс-әрекет бойынша ашық сабақ өткізілді. Онда балалар «Біртұтас тәрбие» және «Тілге бойлау» бағдарламалары бойынша өз білімдерін көрсетті. Дене шынықтыру ретінде «Оюлы кілемше» қазақ ойынын қолданды. «Шертпек ойынын» карта ретінде қолданды, балалар саяхаттады, сондай-ақ орталықтарды таңдап, тапсырмаларды орындады. Осы және басқа ойындарды қолдана отырып тәрбиеші балалардың өз елі туралы білімдерін дамытты, орыс және қазақ тілдерінде сөйлеуді дамытты.