Бүгін қазақ топтарының тәрбиешілеріне арналған циклограмманы құрастыру тақырыбында консультация-практикум өткізілді. Консультация барысында циклограмманы рәсімдеу және мазмұнына қойылатын негізгі талаптар, сондай-ақ оны балалардың жас ерекшеліктері мен білім беру бағдарламасына сәйкес жоспарлау ерекшеліктері қарастырылды.
Педагогтер практикалық ұсыныстар алып, циклограмманың фрагменттерін құрастыру бойынша тапсырмалар орындады. Консультация тәрбиешілердің білім беру процесін жоспарлау мәселелері бойынша кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал етті.