Бүгін № 6 ересектер тобында қағаздан құрастыру бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет өтті. Тақырып балаларға түсінікті және қызықты болғандықтан, бұл олардың алғашқы минуттардан бастап іс-әрекетке белсенді кірісуін қамтамасыз етті.
Балалар түрлі-түсті шеңберлерді қызығушылықпен кесіп, оларды қатарлап бүктеп, шеттерін біріктірді. Нәтижесінде түрлі-түсті жүректер пайда болды.
Балалар тапсырманы өз бетінше орындап, ұқыптылық пен ыждағаттығын көрсетті.