Біздің балабақшада ересек және мектепалды даярлық топтарының тәрбиеленушілеріне арналған «Қауіпсіздік мектебі. Жаздағы қауіпсіздік» атты спорттық ойын-сауық іс-шарасы өтті!
Балалар қауіпсіздік әлеміне қызықты саяхат жасады. Тәрбиеленушілер эстафеталарға белсенді қатысып, түрлі өмірде болаиын жағдайларда дұрыс әрекет етуді үйренді, шартты өртті сөндірді, жорыққа арналған сөмкені жинады, қауіпті және қауіпсіз заттарды ажырата алды.
Балаларға қонаққа Незнайка келіп, олармен бірге тапсырмаларды орындап, қауіпсіз мінез-құлықтың маңызды ережелерімен танысты.
Балалар өрт кезінде және жолда өзін дұрыс ұстау туралы танымдық бейнероликтер көріп, кейін алған білімдерін ойындар мен жарыстар барысында бекітті.
Іс-шара қызықты, танымды әрі пайдалы өтті. Балалар қауіпсіздік ережелерін қайталап қана қоймай, оларды іс жүзінде қолдану дағдыларын нығайтты.