Балапан тобының ата - аналар жиналысы жоғары деңгейде аталып өтті. Ата - аналар жылы лебізбен қарсы алынып, керемет көңіл күймен жиналысқа қатысты. Әр ата - ана өз баласының фотосының қасына барып, ұл - қыздарына арналған жылы тілектерін жеткізді.
Жиналыс барысында бірнеше маңызды мәселелер талқыланды:
- Жаңа жылдық ертеңгілікке арналған костюмдер;
- Балаларға арналған сыйлықтар
- Балабақша ережелері және оларды тағы бір рет еске салу
- Балалардың тазалық дағдылары мен күнделікті күтімі.
Сонымен қатар ата - аналармен бірге шағын эмоционалды жаттығулар өткізіліп, көңіл күйлері көтерілді. «Кім жылдам?» атты қызықты ойын ойнатылып, ортада жағымды атмосфера қалыптасты.
Қорытындылай келе, ата - аналармен пікір алмасу өтіп, барлық сұрақтар талқыланды.