«Біз біргеміз» балалар-ата-аналар клубы аясында «Сүйікті анашым – ең спортшыл ана!» атты спорттық іс-шара өтті. Ересектер тобының қыздары мен ұлдары өздерінің супераналарымен бірге өзін ең жылдам, епті және тапқыр екенін дәлелдеуге тырысып, жарысты. Бұл – отбасы бірлігінің нағыз мерекесі болды! Күлкі, жігер мен командалық рух бұл күнді шын мәнінде ерекше етті.