Біздің балабақшада «Балабақшаға бірге» тақырыбы бойынша ата-аналар жиналысы өтті.
Біз маңызды мәселелерді талқыладық: балалардың бейімделуі, мектеп жасына дейінгі баланың психологиялық ерекшеліктері, тамақтану, денсаулық және білім беру үдерісі.
Жиналысқа балабақшаның меңгерушісі, медбике және педагог-психолог қатысты. Ата-аналар тілдесіп, бір-бірін жақсы танып, интерактивті ойындар ойнады және жылы, достық ахуал жасады.
Кездесу соңында ата-аналар комитетінің мүшелері сайланды, сондай-ақ «Біздің балаларымыз балабақшада» бейнеролигі көрсетілді. Қатысқандарыңыз және қызығушылық танытқандарыңыз үшін алғыс айтамыз!