Біздің балабақшада Республика күніне арналған ертеңгілік өтті. Балалар әнұран орындады, Отан туралы өлеңдер оқып берді, балалық шақ туралы әндер шырқады, биледі. Мерекеге қонаққа, тәттілерін алып, Балдырған келді, балалармен түрлі ойындар ойнады. Содан кейін олар Қазақстан бойынша саяхат жасады.