Бізге мектептің өкілі - робототехника пәнінің педагогі келді. Ол балаларға роботтардың қалай жұмыс істейтіні туралы қызықты әңгімелеп берді, олар қандай бөлшектерден жиналатынын және тапсырмаларды қалай орындайтынын көрсетті.
«Робот зерттеуші: ақылдылар жолды қалай табады» бірлескен білім беру іс - шарасы балаларды робототехника негіздерімен таныстыруға және роботтардың сенсорлар мен қарапайым алгоритмдер арқылы қоршаған әлемді қалай зерттейтінін көрсетуге көмектесті.