Ортаңғы топың тәрбиеленушілері «Танграм» конструкторымен белсенді айналысады, оны «геометриялық конструктор» деп атайды.
Ойын барысында балаладың маңызды дағдылары дамытылады:
Кеңістіктік ойлау — пішіндерді, олардың көлемін және өзара орналасуын түсінуді үйренеді.
Логикалық ойлау және талдау — тұтас бейнені жеке бөліктерден құрастыруды және керісінше, бүтінді бөліктерге ажыратуды меңгереді.
Төзімділік пен зейінді шоғырландыру — тапсырмаларды орындау барысында ұқыптылыққа, шыдамдылыққа және мұқият болуға дағдыланады.
Шығармашылық қиял — балалар үлгі бойынша құрастырып қана қоймай, өздерінің ерекше бейнелері мен композицияларын ойлап табады.
Танграммен жұмыс балалардың ақыл-ойын, қиялын және танымдық қызығушылығын дамытып, оқуды қызықты ойынға айналдырады.