Біздің балабақшада ортаңғы топтың тәрбиеленушілеріне арналған «Қауіпсіздік мектебі. Жаздағы қауіпсіздік» атты спорттық ойын-сауық іс-шарасы өтті!
Балалар қауіпсіздік әлеміне қызықты саяхат жасады. Балалар эстафеталарға белсенді қатысып, түрлі өмірде болатын жағдайларда дұрыс әрекет етуді үйренді.
Іс-шара барысында балалар өрт кезінде және жолда өзін қауіпсіз ұстау ережелері туралы танымдық бейнероликтер тамашалап, алған білімдерін ойындар мен жарыстар арқылы бекітті.