Бүгін № 6 ересектер тобында «Ханшайымды құтқарайық» тақырыбына ұйымдастырылған іс - әрекет өтті. Ханшайымды құтқара отырып, балалар бірнеше тапсырмаларды орындады: күн сәулелерін таяқшаларға орап, Р дыбысы бар ән айтты; «Допты қолыммен айналдырамын», «Құймақ пісіреміз», «Сақина» атты кинезиологиялық гимнастикаларды, сонымен қатар түрлі - түсті қауырсындармен тыныс алу гимнастикасын, артикуляциялық гимнастика орындады. «Біз жүріп келе жатырмыз» музыкалық физиминуткасы барлығына ұнады.
Сабақта «Көкөніс бағы» өлеңін жаттау үшін тірі мнемоникалық кесте түрінде жасанды интеллект қолданылды, балалар көз алдында «тірілген», қозғалып тұрған суреттерді көріп қызығушылық танытты, диктордың айтқан өлеңнін сөздерін қайталап отырды. Есте қалған өлеңді айта отырып, балалар бақшадан көкөністер жинады.
Балалар тапсырмаларды құмарлана орындады және ханшайымды жеңіл, қуана отырып құтқарды.