Біздің балабақшада «Сұлу шырша» және «Ақшақарға арналған қолғаптар» атты балалардың жұмыстарының көрмесі өтті.
Балалар мен олардың ата - аналары бояулар, қарындаштар, фломастерлер және матаның әртүрлі түрлерін қолдана отырып, жарқын және ерекше жұмыстар жасады. Көрме барлығына мерекелік көңіл - күй сыйлады, балалардың қиялын ашты және отбасы мен балабақша ынтымақтастығының үлгісіне айналды.