Логопедтің алдында тұрған негізгі міндеттер - балалармен өткізілетін сабақты ойын – сауықтық емес қызықты, көзтартарлық емес тиімді ету, жәй ғана ойнау емес ойнау арқылы оқыту. Логопедтің жұмысы әртүрлі ойын әдістерін қолдануды қажет етеді. Қойылған дыбыстарды көптеген ойындардың көмегімен автоматтандыруды жүзеге асырамыз: мысалы "Археолог" сияқты құм ойыны-мұнда бала щеткамен жасырын суреттерді іздейді және оларды берілген дыбысты нақты бөліп көрсетеді; шам ойындары-балалардың дыбыстық айтылымын бекітуге деген қызығушылығын тудырады; нейропсихологиялық жаттығулардың үйлесімі бар ойындар - балаға ат қою керек жерде тек суретті ғана емес, сонымен бірге осы суреттің астында бейнеленген саусақ позасын да көрсету керек; " Бегемоттың асқазанында не бар?" ойыны- балалардың бегемот нені жұтып қоюы мүмкін? деген қызығушылығын тудырады және таңқалдырады; көптеген жапсырмадағы ойындар - "Көлеңкесінен тап", фетр үстіндегі ойындар. Бұл ойындар тек дыбыстарды автоматтандыруға ғана емес, сонымен қатар ойлауды, зейінді, көру гнозисін және саусақ праксисін дамытуға бағытталған.