Дәстүрлі емес сурет салу техникасымен таныстыру.
Міндеттері:
Білімділік:
Балаларды дәстүрлі емес сурет салумен таныстыру- жабысқақ қағазбен жұмыс жасау
Дамытушылық:
Балаларды өз бетінше қысқы табиғатты, дәстүрлі емес техника арқылы сурет салуға баулу.
Тәрбиелік:
Балалардың өз бетінше жұмыс жасауына, ұқыптылық пен шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Жұмыс барысы:
Үстелді теріс аударып, оған жабысқақ қағазды ораймыз, ( үстелді аяқтарын жоғары қарай қою керек) түрлі түсті краскалар арқылы балалар жабысқақ қағаз бетіне қыстың әдемі әсем суретін қылқаламмен бейнелейді. (Акварель немесе гуашь). Бұл сурет салу техникасы балаларды әлдеқайда, қағазға салғаннанда қызықты болып көрінеді. Балаларға дәстүрден тыс осылай сурет салу ұнайды, және қызығушылықтары артады.