Әріптестеріміз «МДҰ-ың біліктілік орталықтарының заманауи білім беру технологиялары» атты облыстық әдістемелік марафонында мектепке дейінгі ұйымды лайықты таныстырды.
Әдіскер Терещенко Кристина Витальевна мен педагог Нұрмұқаш Виктория Леонидовна мектепке дейінгі жастағы балалардың тәрбиелік-білім беру қызметін ұйымдастырудағы заманауи тәсілдерді ұсына отырып, өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.
Баяндама барысында балалардың танымдық белсенділігін дамытуға, инновациялық технологияларды енгізуге және мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыруға бағытталған тәжірибелік идеялар көрсетілді.
Осындай іс-шараларға қатысу - тек өз тәжірибеңді таныстыру ғана емес, сонымен қатар тәжірибелер алмасуға, кәсіби дамуға және шабыт алуға мүмкіндік беретін алаң.
Педагогтерімізді мақтан тұтамыз және оларға алдағы уақытта да табыс тілейміз!