2022 жылғы 19 мамырда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің «№ 2 бөбекжайы» КМҚК базасында «Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін түзетудегі ұсақ моториканың жүйелі рөлі» тақырыбында шебер-класс өтті. Шебер-класты Рудный қаласының МДҰ-ың логопедтері үшін логопед Валентина Юрьевна Пестерева өткізді.
Бұл іс-шараның мақсаты: балалардың сөйлеуін түзетуде ұсақ моторикаға тапсырмаларды қолдану барысында жоғары нәтижеге қол жеткізуде педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге ықпал ету. Валентина Юрьевна практикалық материалдары ұсынылған көрме ұйымдастырды. Сондай-ақ, осы тақырып бойынша балалармен жасалған жұмыстың бірқатар видеосы көрсетілді.