Мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері педагогикалық колледжге қызықты экскурсия жасап қайтты!
Тігін технологиясы кабинетінде балалар тігін машинасымен танысып, оның жұмысын бақылап, бұйымдардың жасалу үдерісін үлкен қызығушылықпен тамашалады.
Сонымен қатар, бүлдіршіндер өздерін кішкентай кондитер ретінде сынап көріп, панкейктерді безендіріп, тәтті туындыларынан дәм татты
Колледж студенттері балаларға «Түлкі мен қоян» және «Теремок» ертегілері бойынша театрландырылған қойылымдар көрсетті.
Ерекше әсер қалдырған сәттердің бірі - робототехника кабинетіне саяхат болды. Онда тәрбиеленушілер роботтарды басқаруды үйреніп, заманауи технологиялармен танысты
Экскурсия жарқын, танымды әрі балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлаған ерекше шара болды!