Мектепке дейінгі жаста ғана педагог пәндік-дамытушылық ортаны қалыптастырады және балаға өмір жолында қажетті жағдайларды балалармен бірге бейнелейді. Әр түрлі ойын әрекеттері қолданылады:
- М. Монтессори (сусыма материалдармен жұмыс: қарақұмық - "Ойыншықты тауып ал"; жарма арпасы - "Бұршақты ұстап ал".
- "Дұрыс орналастыр" (балалардың З.Диенештің логикалық блоктарын қолдана отырып, суреттелген суреттермен жұмыс жасау).
- Жапсырмасыз аппликация "Серуендеудегі аюдың суретін жаса" - балалар берілген тақырыптағы сюжеттік суреттерді үлгі бойынша дайындалған формалардан қызығушылықпен жасайды. Бұл көз өлшегіштің, зейіннің, "көз-қол" үйлестіру қозғалыстарының дамуына ықпал етеді, сенсорлық қабілеттер, кеңістіктік-бейнелі ойлау дамиды.
- "Стоит в поле теремок, теремок... ." атты қағаздан құрастыру балалардың қағаз парағымен жұмыс жасау дағдыларын, сөйлеу, зейін, қолдың ұсақ моторикасын дамытады.
- "Клоун Кеша балаларға қонаққа келді" ойын-сауығы - белсенді әрекеттер мен қызықты сәттерді кезектеп ауыстырып өткізу балаларға қуаныш пен рақаттылық сыйлауға көмектеседі.