№9 ортаңғы топта түрлі режимдік сәттерде нейроойындар қолданылады. Нейроойындар - бір мезгілде бірнеше жүйені: қимыл - қозғалыс, сенсорлық, танымдық және эмоционалдық жүйелерді іске қосатын қарапайым жаттығулар. Кешенді тәсіл баланың зейіндірек болуына, өзіне деген сенімділігінің артуына көмектеседі, сондай - ақ оқу тапсырмаларын орындауды үйретеді.