№ 9 топтың балалары нанның қалай пайда болатынын талқылады: кішкентай дәннен масақ қалай өсетіні, дән ұнға, содан кейін қалай хош иісті нанға айналатыны. Ең қызықты сәт қамырмен танысу болды. Балалар оны қолдарымен ұстап, илеп, созып көріп, оның қаншалықты жұмсақ екенін байқады.Осындай сабақтар адамдардың жұмысына және нанға ұқыпты қарауға үйретеді.
«Кеме» тобының тәрбиеленушілері кішкентай ғана керемет – көк пиязді өсірді.
Балалар күнде пиязды күтіп, алғашқы өскіндер қалай пайда болып жатқанын қызығушылықпен бақылап отырды. Ал соңында - ең жағымды сәт: олар өз қолдарымен өсіргендерінің дәмін татып көрді.
Осындай қарапайым нәрселер балаларды қамқорлық көрсете білуге, шыдамдылыққа және табиғатқа деген сүйіспеншілікке үйретеді.