Әр балаға күлуге, билеуге, ән айтуға, үйренуге, бейбіт өмір сүруге және бақытты болуға болатын әлем керек

Кіру
AA+
г. Рудный, ул. Сандригайло Н.Ф. строение 76
8-714-31-72131
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос

Әр балаға күлуге, билеуге, ән айтуға, үйренуге, бейбіт өмір сүруге және бақытты болуға болатын әлем керек

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің «№ 2 бөбекжайы» КМҚК

№6 «Достық» ересектер тобының балалары мектептің оқушыларымен кездесті. Балалар кездесу барысында мектепте оқу туралы көп қызықты, танымдық және еліктіретін ақпарат алды.

Олар, қабілеттерін көрсете отырып, әр түрлі тапсырмаларды бірге орындады. Оқушылар мектеп жасына дейінгі балаларға қуана көмектесті, қолдау көрсетіп, мектеп өміріндегі тәжірибелерімен бөлісті.

Балалардың мектеп туралы алғашқы түсініктері қалыптасты: «мен мектепке барамын», «мектепте қызық», «мен жақсы оқитын боламын», «мен көп нәрсені үйренемін». Кездесу, балаларға жарқын әсер қалдыра отырып және мектептің оқушысы болуға деген ұмтылысы пайда болып, жылы және достық атмосферада өтті.