2026 жылғы 16 қазанда Рудный қаласы білім бөлімінің «№2 бөбекжайы» КМҚК-да «Ойын орталықтары мен белсенділік аймақтары – баланы дамытудың құралы» тақырыбына нұсқаулық-әдістемелік семинар өтті.
Кездесу педагогтер мен әдіскерлердің басын қосып, тәжірибе алмасуға, баланың дамуына ықпал ететін заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін талқылауға және балалардың бастамашылдығын қолдау мәселелерін қарастыруға мүмкіндік берді.
Барлық қатысушыларға белсенділік, кәсіби пікір алмасу және тың идеялар үшін алғыс білдіреміз!