Әр балаға күлуге, билеуге, ән айтуға, үйренуге, бейбіт өмір сүруге және бақытты болуға болатын әлем керек

Кіру
AA+
г. Рудный, ул. Сандригайло Н.Ф. строение 76
8-714-31-72131
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос

Әр балаға күлуге, билеуге, ән айтуға, үйренуге, бейбіт өмір сүруге және бақытты болуға болатын әлем керек

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің «№ 2 бөбекжайы» КМҚК

Сурет салудың дәстүрлі емес әдістері-балаларды эстетикалық тәрбиелеудің маңызды мәселесі болып табылады, бұл өнердің жаңа, ерекше жасау тәсілдері, онда бәрі үйлеседі: түсі де, сызық та, сюжет те.

Бұл балаларды ойлануына, көре білуіне, ізденуіне, эксперимент жасауларына үлкен мүмкіндік береді. Ең бастысы-өзін-өзі  көрсету. Сурет салудың дәстүрлі емес әдістерінің түрлері алуан, және әр техникада бала қоршаған әлемнен алған әсерлерін көрсетуге, қиялындағы бейнелерді жеткізуге, оларды әртүрлі материалдардың көмегімен нақты формаларға айналдыруға мүмкіндік алады.

Бүгін № 5 «Аралар» ересектер тобында балалар дәстүрлі емес сурет салу техникасын - бір реттік пластикалық шанышқының көмегімен «Қызғалдақ гүл шоғын» салды. Дәстүрлі емес техникамен сурет салу балалардың қиялына кең мүмкіндіктер ашты, балаларға шығармашылықпен айналысуға, қиялын дамытуға, өздігінен жұмыс жасай алатынын және бастамасын көрсетуге, жеке тұлғасын білдіруге мүмкіндік берді