Әр балаға күлуге, билеуге, ән айтуға, үйренуге, бейбіт өмір сүруге және бақытты болуға болатын әлем керек

Кіру
AA+
г. Рудный, ул. Сандригайло Н.Ф. строение 76
8-714-31-72131
Задать вопрос

Әр балаға күлуге, билеуге, ән айтуға, үйренуге, бейбіт өмір сүруге және бақытты болуға болатын әлем керек

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің «№ 2 бөбекжайы» КМҚК
Сюжеттік - рөлдік ойын - бұл өздігінен жасалатын ойын әрекеті, бірақ оны дамыту үшін басқарып отыру қажет. Сюжеттік-рөлдік ойынды, тиімді басталуын ұйымдастыратын, тәрбиеші жүзеге асырады. Ойын барысында балалардың заттар мен құбылыстар туралы ғана емес, сонымен қатар мінез-құлық пен қарым-қатынас ережелері мен нормалары туралы білімдері мен түсініктері нақтыланады және тереңдетіледі. Ойын бараысында бала сөйлеу дағдыларын дамытып қана қоймай, басқа балалардың жанында емес, олармен бірге ойнауды үйренеді. Сюжеттік-рөлдік ойын сонымен қатар өзімшілдік, агрессивтілік көрсететін және оқшауланатын балаларға әсер ету құралы ретінде қызмет етеді. Бала сюжеттік-рөлдік қарым - қатынастарда ережелерді орындау кезінде және ойын барысында нақты қарым-қатынаста құрдастарымен тілдесу кезінде қалыптасады.