«Түймедақ» тобында тұз қосылған қамырмен жұмыс жасау бойынша ұйымдастырылған іс - әрекет өтті. Балалар тұз қосылған қамырдың қалай дайындалатынын білді. Қалыптарды пайдалана отырып, қызығушылықпен әртүрлі пішіндер жасады. Балалар мүсіндеу барысында ұқыптылық пен ынта танытты. Бұл іс - әрекет балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті.