Әр балаға күлуге, билеуге, ән айтуға, үйренуге, бейбіт өмір сүруге және бақытты болуға болатын әлем керек

Кіру
AA+
г. Рудный, ул. Сандригайло Н.Ф. строение 76
8-714-31-72131
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос

Әр балаға күлуге, билеуге, ән айтуға, үйренуге, бейбіт өмір сүруге және бақытты болуға болатын әлем керек

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің «№ 2 бөбекжайы» КМҚК

«Загадушка әжеге қонаққа барамыз» тақырыбына ұйымдастырылған іс-әрекет көкөністер туралы түсініктерін бекіту, көкөністерді тани білу, ажырату және атау, олардың түсі мен формасын білу мақсатында өткізілді. Ұйымдастырылған тосын сәтте Загадушка әже ғажап себет әкеліп, «Сипап қарап тауып ал» ойынын жүргізді, ойын барысында балалар жанасу сезімдер арқылы қолына қандай көкөніс алғанын болжайды. Одан әрі, балалар көкөністер туралы жұмбақтар шешіп, «Дәмінен тап» дидактикалық ойынын ойнады. Сабақ соңында балалар Загадушка әжеге жемістерді көкөністерден бөліп, жемістерден компот, ал көкөністерден сорпа дайындауға көмектесті. Ойын барысында балалар көру зейіні, есте сақтау, сөйлеу, сұрақтарға жауап беру қабілетін дамытады, дұрыс тамақтануға сүйіспеншілік, көкөністерді жеу әдеті қалыптасады. Рефлексия барысында балаларға қуыршақты сорпамен тамақтандыру ұсынылды.