За Питание Дамире: Рудный қаласының «Алтын кун» бөбекжайының құзыреттілік орталығы 2024 жылғы 16 мамырда «Заманауи инновациялық технологиялар мектепке дейінгі оқыту сапасын басқару құралы ретінде» облыстық семинары аясында мектепке дейінгі ұйым педагогтері қолданатын инновациялық технологияларын тәрбие-білім беру барысында көрсетті.
Педагогтар пәндік - дамытушы ортаны қалыптастыру құралы ретінде ойын кеңістігінің маркерлерін пайдалану, ұйымдасқан қызметте QR-кодты қолдану, мамандықтар туралы базалық білімді қалыптастыруда дәстүрлі емес тәсілдер бойынша тәжірибе алмасты.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамытудағы заманауи ойын технологияларына, мөлдір мольберттерді, жарқыраған планшеттерді қолдануға ерекше назар аударылды, бұл бірыңғай логикада сөйлеуді дамытудан бастап сурет салуды үйренуге дейінгі білім беру міндеттерінің кең ауқымын шешуге мүмкіндік береді.
Педагогтардың айтуынша, семинар өзінің кәсіби деңгейін арттыруға, жаңа білім алуға, пікірлес адамдарды табуға тамаша мүмкіндік