Жаңа оқу жылына шабыттандыратын, нәтижелі әрі жігер беретін алғашқы педагогикалық кеңес өтті!
Негізгі мақсаттарымызды айқындап, жаңа міндеттерді талқыладық, идеялармен бөлістік және тәрбиеленушілерімізді жаңа жетістіктерге жетелеуге дайын екенімізді көрсеттік.
Алда бізді көптеген қызықты жұмыстар, шығармашылық жобалар мен жарқын жаңалықтар күтіп тұр! Жаңа оқу жылы сәтті болсын!