Сонымен қатар, балалардың қатысуымен болатын жол - көлік оқиғаларының саны да артып келеді. Сондықтан біздің балабақшада тұрақты, мақсатты, жүйелі түрде балаларды ЖЖЕ-ін оқыту бойынша жұмыс жүргізіледі.
Балалардың жолдағы жүріс-тұрыс ережелерін қалай меңгергенін тексеру үшін «Жол қозғалысы ережелері еліне саяхат» атты көңілді эстафетасы өткізілді. Оның мақсаты-балалардың жол қозғалысы ережелері, қала көшелеріндегі жүріс-тұрыс ережелері және бағдаршамдар туралы білімдерін жинақтау.
Оған 5 және 11 топтардың балалары қатысты.
Балалар жұмбақтар шешіп, сұрақтарға жауап берді, командалардың жылдамдығы, ептілігі мен ұйымшылдығымен жарысты.