Әр балаға күлуге, билеуге, ән айтуға, үйренуге, бейбіт өмір сүруге және бақытты болуға болатын әлем керек

Кіру
AA+
г. Рудный, ул. Сандригайло Н.Ф. строение 76
8-714-31-72131
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос

Әр балаға күлуге, билеуге, ән айтуға, үйренуге, бейбіт өмір сүруге және бақытты болуға болатын әлем керек

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің «№ 2 бөбекжайы» КМҚК

«Балақай» тобындағы сабақ балалар сыпайы сөздерді қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталды. Сабақтың басында балалар «өзін қалай ұстау керек және қалай өзін ұстауға болмайды» тақырыбындағы кітаптар мен суреттерді қарады. Кейін суреттер бойынша әңгіме жүргізіліп, дұрыс мінез - құлық пен «сәлеметсіз бе», «рақмет», «мархабат» сөздерін қолдану талқыланды. Негізгі бөлімде балалар ойын жағдайларында (сәлемдесу, өтініш айту, алғыс білдіру) сыпайы сөздерді бекіту мақсатында «Аурухана» атты сюжеттік - рөлдік ойынға қатысты. Сабақ барысында балалардың тілді түсінуі, еліктеуі және белсенді сөздік қоры дамытылды. Сабақ соңында балалар сыпайы сөздерді қайталады, олардың мінез  - құлқы жақсы бағаланды.