«Алдар Көсе» қазақ халық ертегісінің кейіпкерлерімен бірге балаларды «сыбайлас жемқорлық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» ұғымдарымен таныстырып, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікке оң көзқарасты анықтадық.
Сыбайлас жемқорлықтың көрінісі біздің еліміз үшін өте алаңдатарлық мәселе болып табылады және жыл сайын сыбайлас жемқорлық белең алып келе жатыр. Сыбайлас жемқорлықтың таралу ауқымы қысқарып жатқан жоқ, артып келеді. Бұл мәселе туралы ақпарат барлық жастағы оқушылар үшін маңызды.
Оқушылардың жемқорлыққа қарсы мінез құлқын бастауыш мектеп жасынан бастап қалыптастыру қажет.